Біз кз

Таразда ҚАЖ мекемесінде суицидтің алдын алу мақсатында тренинг өтті


Бүгін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінде сотталғандар арасында суицидтің алдын алу мақсатында психопрофилактикалық тренинг ұйымдастырылды. Бұл күні тақырып аясында дәріс окылып, суицидтін алдын алу максатында түрлі психопрофилактикалық тренингтер мен сұхбат жүргізілді. Шара барысында мекеме психологы Наиля Сейтаева тренинг қатысушыларға психодиагностиканың профилактикалық манызы зор екенін атап өтіп, суицидке дейінгі кезендегі адамдар жеке, топтық және отбасылық психотерапияға мұқтаж болатынын жеткізді.

Жалпы, адамды өз-өзіне қол салудан сақтанудың факторлық талдауында практиканың маңызы зор. Ал оларға депрессиялық бұзылулармен байланысты психикалық аурулардың болмауы, отбасындағы жақсы қарым-қатынас, нақты немесе формалды ойлау деңгейіне жетпеген когнитивтік қызмет, адамның ойлау кабілетінде суицид жайлы қарсы ойдың калыптасуы үшін мәдени және рухани-діни факторлардың болуы, депрессиялық күй мен сезімталдық күйге, балалық кездегі травмалық оқиғалардан арылу максатында жеке терапияны қамтамасыз ету жатады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.