Бүгін Тараздағы қоныс колониясынан 35 жастағы азаматша босатылды. Дәлірек айтқанда, қолданыстағы заңнама аясында нәзікжандының жазасын өтеу мерзімі кейінге қалдырылды. Еске салайық, еліміздегі Қылмыстық Кодекстің 74-бабына сәйкес, жүкті әйелдердің және жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдердің, жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ер азаматтардың жазаны өтеу мерзімі кейінге шегеріледі.
Айта кетейік, сот үкімі негізінде кінәлі деп танылған И есімді азаматша Тараз қаласының тумасы. Ол Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сай 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалған.