Біз кз

Экология мен инфрақұрылым: өңірде кешенді жұмыстар нәтижелі жүзеге асуда

Облыста «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының орман қоры жерлерінде 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасы аясында 2021–2027 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітіліп, 143 млн дана ағаш отырғызу көзделген. Осы жоспарға сәйкес, 2021–2025 жылдары 60,9 мың гектар алқапқа 112,8 млн дана ағаш отырғызылып, жоспар толық орындалды. Ал биыл 9,8 мың гектар аумаққа 16,7 млн көшет отырғызу жоспарланған, оның ішінде көктемде 3200 гектар жерге 9,4 млн ағаш егіледі.

Сонымен қатар, республика бойынша 15 млн ағаш отырғызу тапсырмасы аясында «Жасыл белдеу» өңірлік жоспары толық іске асырылып, 814,6 гектар аумаққа 970 мың түп ағаш отырғызылды. Жоспар шеңберінде 2021–2024 жылдары 775 мың, ал 2025 жылы 199 мың ағаш отырғызылып, белгіленген межелер артығымен орындалды.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында да оң нәтижелер бар. Тараз және Қаратау қалаларында жасыл желектерді цифрландыру жұмыстары жүргізіліп, арнайы ақпараттық платформа іске қосылған. Бұдан бөлек, телеграм-бот арқылы тұрғындардан 263 өтінім қабылданып, олардың басым бөлігі уақтылы қаралған.

Бұдан бөлек, жиында Тараз қаласы мен аудандардағы тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту және абаттандыру жұмыстары да жүргізілуде. 2025 жылы 2,574 млрд теңгеге 15 тұрғын үй жаңғыртылды. Ал ағымдағы жылы Төле би және Абай даңғылдарында жаяу жүргінші жолдары, веложолақтар салынып, заманауи жарықтандыру, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылуда. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасып, Биыл 9 үйді, 2027 жылы 13 үйді жөндеу жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.