«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызметкөрсету орталықтары мен мамандандырылғанхалыққа қызмет көрсету орталықтарының мамырайындағы мерекелік күндердегі жұмыс кестесінхабарлайды.
Орталықтар Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, яғни 1,7,9 мамырда жұмыс істемейді.
2 және 11 мамыр — кезекші орталықтар үшінжұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсетуорталықтары 9:00-ден 13:00-ге жұмыс істейді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштердіқабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайынқұжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады.
Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақыттабарлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де, әдеттегіжұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылғанХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияныңресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөміріарқылы білуге болады.