Құрылтай – қазақ халқының ғасырлар бойықалыптасқан мемлекет басқару дәстүрінің маңыздыбелгісі. Ата-бабаларымыз ел басына күн туғаншақта немесе маңызды мәселелер туындағандаҰлы құрылтайға жиналып, ақылдасып, ортақшешім қабылдаған. Онда хан сайланып, елдіңболашағына қатысты тағдырлы мәселелерталқыланған. Бұл – халқымыздың бірлікке, әділдікке және ортақ жауапкершілікке негізделгенөмір салтының көрінісі.
Бүгінде құрылтайдың тарихи мәні өзгергенжоқ, тек мазмұны заман талабына сай жаңарыпкеледі. Қазіргі құрылтай – халықтың пікірінтыңдайтын, қоғамдағы өзекті мәселелерді ашықталқылайтын және ел дамуының негізгібағыттарын айқындайтын маңызды қоғамдық алаң. Мұнда айтылған әрбір ұсыныс пен көтерілген әрбірмәселе ел игілігіне қызмет етуі тиіс.
Жеке азамат ретінде құрылтайдан күтер үмітімзор. Себебі мұндай басқосуларда қоғамныңкөкейінде жүрген мәселелер ашық айтылып, оларды шешудің нақты жолдары қарастырыладыдеп сенемін. Әсіресе жастардың тәрбиесі, білімберу сапасы, ауылдардың дамуы, еңбек адамыныңмәртебесі мен ұлттық құндылықтарды сақтаусияқты маңызды бағыттар әрдайым назардаболғаны жөн.
Құрылтайдың басты құндылығы – халық пен билік арасындағы сенімді нығайту. Ашық диалог орнаған жерде түсіністік қалыптасады, ал түсіністікбар жерде тұрақтылық пен даму болады. Сондықтан әрбір азаматтың ойы мен ұсынысыелдің өркендеуіне үлес қоса алады.
Еліміздің болашағы әрқайсымыздыңжауапкершілігімізге байланысты. Құрылтай – солжауапкершілікті бөлісетін, ортақ мақсатқажұмылдыратын маңызды кеңес. Егер әрбір азамател тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық өміргебелсенді араласса, Қазақстанның келешегі бұдан да жарқын боларына сенім мол.
Бірлік – берекенің бастауы. Ал құрылтай – солбірлікті бекемдеп, елдік сананы нығайтатын, болашаққа бірге қадам басуға үндейтін маңыздыинститут. Сондықтан құрылтайдан шығатын әрбірбастама халықтың әл-ауқатын арттырып, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне қызмет етеді депсенемін.
Рүстем БЕГАЛИЕВ, ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ