Біз кз

58-мекемеде тәрбиелік іс-шара өтті

№58 мекемеде сотталғандарға тәрбиелік мәні бар мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Шараға Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы қатысып, өз өнерлерін ұсынды.

Кездесудің мақсаты – сотталғандардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырып, мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру. Театр әртістері тағылымды қойылымдар ұсынып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мұндай іс-шаралар сотталғандардың оң көзқарасын қалыптастырып, қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.