Республикаға белгілі журналист Оралхан Дәуіт «Aulieata-Media» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне директор болып тағайындалды.
Оралхан Әбдірашұлы осы уақытқа дейін аталған медиа-холдингтің құрамына кіретін «Aq jol» газетінің Бас редакторы қызметін атқарып келді.
Оған дейін «Егемен Қазақстан», » Жас Алаш» сынды республикалық басылымдарда басшылық қызмет еткен Оралхан Дәуіт газет саласында жиған тәжірибесі мол.
Еңбек жолы 1996-1998 жылдары қалалық «Шымкент келбеті» газетінде жауапты хатшы, бөлім меңгерушісі,
1998-2004 жылдар аралығында облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жауапты хатшы, бөлім меңгерушісі,
2004 жылдың маусым-желтоқсан айларында республикалық «Түркістан» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі,
2004 жылдың желтоқсанынан 2011 жылдың қаңтары аралығында республикалық «Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі,
2011-2012 жылдар аралығында Жамбыл облыстық «Арай» жастар газетінің бас редакторы,
2012-2014 жылдар аралығында республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі,
2014 жылдың сәуір айынан 2017 жылдың қаңтарына дейін республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі,
2017 жылдың қаңтар айынан республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің мәдениет және руханият бөлімінің меңгерушісі,
2017 жылдың наурыз айынан бастап республикалық «Жас Алаш» газеті бас редакторының бірінші орынбасары,
2020 жылдың қаңтар айынан бастап республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің әлеумет және білім бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2020 жылдың 9 маусымынан бастап Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы.
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің бұйрығымен тағайындалған Директорды ұжымға облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев таныстырып, сәттілік тіледі.
Ал «Aq jol» газетіне Хамит Есаман Бас редактор болды. Бұған дейін республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі болған Хамит Ерболатұлы биыл 100 жыл толып отырған Ата Газеттің тізгінін ұстайды. Ол сондай-ақ ҚР Жазушылар одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы.