Қазіргі таңда Тараз қалалық №3 пробация бөлімінде 183 сотталған азамат есепте тұр. Сот үкімін орындау барысында ағымдағы жылдың 20 маусым аталған бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Тараз қалалық прокурорының көмекшісі Бексұлтан Бейсенбаев және жеке сот орындаушылар палатасы өкілімен бірлесіп, жазасын өтеп жатқан сотталғандарға қатысты үкіммен тағайындалған залалды өндіру, мемлекеттік баж және процессуалдық шығындарды тендеру, ҚР Жәбірленушілер өтемақы қорына, тағайындалған айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі, мәжбүрлі төлемді өндіру туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сұхбат барысында сотталғандар жеке сот орындаушыдан талап-қарыздары бойынша кеңес алып, көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.
Тиісінше, қалалық прокуратураның өкілі жиында талқыланған әрбір сұрақтың жауабының заңдылығын қадағалады.
Ол өз сөзінде Қылмыстық Кодекстің 72-бабының талабын негізге ала отырып: «Қылмыспен келтірілген залалды толығымен өтеген жаза өтеудің барлық кезеңінде қаскөйлікпен тәртіп бұзбаған сотталғанның шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуына үлкен мүмкіндік бар», — деді.
Тиімді түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде 10 сотталған азамат өз еркімен Жәбірленушілер өтемақы қорына тағайындалған айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі мәжбүрлі төлемді әрі процессуалдық шығындар үшін тағайындалған залалды толығымен өтеді. Осы залалдардың төленгендігін растайтын түбіртек көшірмелері, атқарушылық іс жүргізуді тоқтату үшін тиісті жеке сот орындаушыларға жолданды.
Эльвира Айтимбетова,
Тараз қалалық №3
пробация бөлімінің
аға инспекторы
әділет капитаны