Біз кз

Отқа оранған көлікті курсанттар сөндірді

 

30 маусым күні сағат 13.30 шамасында әскери-техникалық мектеп маңынан отқа оранған көлік айналып өтпек болған. Орын алған төтенше жағдайды байқаған аталған әскери-техникалық мектептің курсанттары көмекке асыққан. Олар осы мектепке 24 маусымнан бастап оқуға келген екен.
– Әскери-техникалық мектебіміздің қоршауының алдында жанып жатқан көлікті көрген бойда біз курсанттармен бірге көшеге шығып, өртті сөндіруге кірістік. Жүргізушіде белгісіз себептермен еріткіш өртеніп, ол қайда бару керектігін және не істеу қажеттігін білмей, шеңбер бойымен жүре берген — дейді ӘТМ оқытушысы, лейтенант Санақбек Айдар.
Олар әр әскери бөлімде үнемі толық жиынтықта болатын өрт сөндіру құралдарын қолдана отырып, мектеп аумағында орнатылған бөшкелерден құм мен судың көмегімен қысқа мерзімде отты сөндіріп,қорқынышты салдардың алдын алған.
– Біздің курсанттарды қырық күндік оқыту бағдарламасында өртке қарсы дайындық, сондай-ақ медициналық көмек көрсету бойынша сабақтар үйретіледі, дейді Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі Тараз филиалының директоры, подполковник Қанат Бошай. – Сондықтан біздің оқытушылар да, курсанттар да кез келген көмек көрсетуге дайын болды.
Тараз гарнизонының баспасөз хатшысы Дина Мухаринованың айтуынша, казіргі уақытта Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінің Тараз филиалында 56 курсант оқуда, олардың оқуы бір апта бұрын басталып, шілде айына дейін жалғасады. Оқу аяқталғаннан кейін курсанттар ант қабылдайды, содан кейін әскери басқару органдарында әскери билеттер алады және елдің әскери-оқытылған резервінің құрамына кіреді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.