Бүгін Байзақ аудандық ауруханасының перзентхана бөлімімен таныстыруды жөн көрдік. Аталған перзентхана бөлімінде 2021 жылдың алғашқы жарты жылдығында -1243 әйел, 2022 жылы -1131 әйел босаныпты. Перзентхана бөлімі 20 төсек орынға арналып жабдықталған және соның 5 –уі жүкті әйелдер патологиясына арналған. Перзентханаға жүкті әйелдер жедел және жоспарлы түрде қабылданады. Жоспарлы түрде ота жасалған әйелдер 3-ші, 4 -ші тәулікте үйге шығарылады екен. Қазіргі таңда 2022 жылдың 6 айында перзентхана бөлімшесінде 233 жүкті әйел босанса, оның ішінде жоспарлы ота арқылы 33 әйел өмірге сәби әкелген. 2021 жылдың алғашқы жарты жылдығында жоспарлы түрде 7 ота жасалынған болса, 2022 жылда 33 ота жасалып, көрсетіш 5 есеге артқан.
Мамандар алдағы уақытта ауданда ана мен бала денсаулығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіле беретін, себебі бұл бағыттағы жұмыстар – ұлт саулығын қалыптастыру жолындағы басты қадамдар екенін айтады.