Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменді қарапайым ережелерді мүлтіксіз сақтау арқылы төтенше жағдай алдын алуға шақырады.
Өрт қауіпті кезеңде адамдардың өміріне қауіп төндірмеу үшін бірқатар қарапайым ережелерді мүлтіксіз сақтау қажет:
— тұрғын үйге және бау-бақша учаскелеріне іргелес аумақты, құрғақ шөптен және қоқыстан алдын ала тазартыңыз;
— тұрғын үй құрылыстары аумағында, сондай-ақ орман алқаптарының жанында қоқыс төгуге жол бермеңіз;
— тұрғын үйлерде, саяжай учаскелерінде және орман алқаптарында қоқысты өртемеңіз;
— орманға шығуды шектеңіз, ашық отты пайдаланбаңыз, сөндірілмеген темекі тұқылдарын лақтырмаңыз;
— құрғақ шөп пен былтырғы жапырақтарды арнайы бөлінген жерлерде және мұқият бақылауда өртеңіз;
— сөндірілмеген от қалдырмаңыз. Оны мұқият сумен немесе құммен сөндіріңіз.
Өрт туындаған жағдайда 101,112 нөміріне қоңырау шалыңыз.