Белгілі ақын, журналист Табиғат Абаилдаев республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі болып тағайындалды.
Осыған дейін Т.Рысқұлов аудандық «Құлан таңы», Жамбыл облыстық «Ақ жол» газеттерінде мамандыққа машықтанып, түрлі тақырыпқа қалам сермеген ол «Егемен Қазақстанның» ұстаханасынан да шыңдалып қайтты.
«Егемен Қазақстан» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі өзінің Фейсбуктегі ресми парақшасында бұл туралы:
«Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының ашылғанына көппен бірге біздің ұжым да қуанған еді. Міне, осы шешімді нақты қолдап, аттары әр қазақ үшін қастерлі өңірлерге су жаңа тілшілерді бекіттік.
Енді Zhaqsylyq Sagadat — Абай облысындағы, Мұхтар Күмісбек — Жетісу облысындағы Егемен Қазақстанның меншікті тілшілері.
Сол сияқты Флора ЛЕВИНА — Абай облысындағы, Жанар Мыктыбаева — Жетісу облысындағы Казахстанская правданың меншікті тілшілері болып қызмет етеді.
Ал Табигат Абаилдаев — Жамбыл облысындағы Егеменнің меншікті тілшісі болып бекіді.
БІр айта кетерлігі, жаңа тағайындалған меншікті тілшілердің барлығы да Егеменде ысылған, орталық аппаратта тәжірибе жинақтаған, есімдері елге танымал бола бастаған азаматтар! Енді елге барып, өздері туып-өскен өңірлердің дамуына атсалыспақ! Әріптестерімізге сәттілік тілеймін!» деп жазған болатын.