Біз кз

Ауыл тұрғындарының талап-тілегін тыңдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов Түймекент ауылының тұрғындарымен кездесті.
Бақыт Алпысбайұлы Түймекент ауылдық округінде бекітілген кестеге сай өткен кездесуде аудан аумағында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Жиын барысында ауыл тұрғындары «Сарыкемер-Ақшолақ» бағытындағы автожолды жөндеу, ауылдағы бос тұрған ғимараттың балаларға қауіп төндіріп тұрғанын және де басқа мәселелерді ортаға салды.
Көтерілген мәселелер бойынша нақты жауаптар қайтарып, зерделеуді қажет ететін кейбір мәселелерге орай тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкіміне тапсырмалар берілді.

  • Сондай-ақ, алдын ала бекітілген кесте бойынша аудан әкімі Бақыт Қазанбасов келесі кещекте Суханбаев ауылдық округінің Көкөзек елді мекенінде ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуде Бақыт Алпысбайұлы ауданымызда атқарылған жұмыстармен таныстырып өтіп, негізгі жұмыстар таза ауыз су кіргізу, табиғи газға қосу, осы жылы пайдалануға берілетін нысандар туралы атап өтті. Аудан әкімі ең өзекті мәселенің бірі – шаруаларға ағын су беру үстіміздегі жылдың мамыр айында басталатындығын жеткізіп, қазіргі уақытта «Талас» өзеніне жеткілікті мөлшерде ағын су түсіп жатпағандығын айтты.
    Өз кезегінде Көкөзек ауылының тұрғыны, ақсақалдар кеңесінің мүшесі Ақжолтай Абдибеков Т.Ақбозов және Н.Абдуалиев көшелерінің жолдарын жөндеу, Н.Абдуалиев көшесіндегі электр желілерін ауыстыру мен түнгі көше жарығын орнату жұмыстарын жүргізуді өтінді. Ауылдық округ әкімі А.Мадибаев аталған көшелерге жолдарды жөндеуге жобалық- сметалық құжат жасалып, 18 миллион теңгеге бюджеттік өтінім жолданғанын, ал түнгі көше жарығын орнатуға электр бағандары қисайып тұрғандықтан, бірінші кезекте бағандарды ауыстырғаннан кейін көше жарығы орнатылатынын жеткізді.
    Қосы батыр ауылының тұрғыны, ақсақалдар алқасының төрағасы Бейсенбек Өзенбай Жақаш ауылындағы Ұшанаев көшесі мен А.Суханбаев көшесі қиылысының жолын жөндеу, Орынбек көшесіне түнгі көше жарығын орнату мәселесін көтерді. Ауыл әкімі осы мақсатта жобалық-сметалық құжаттары жасалғанын, бюджеттік өтінім берілгенін айтты.
    Аудан әкімі сұрақтар мен ұсыныстар ескерілетінін, алдағы уақытта жұмыстар атқарыла беретінін айтып, жиналысты қорытындылады.
ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.