Тасаттық беру — қазақ салтында қашаннан бар жоралғы. Жаратушыдан жауын-шашын тілеп, мал сойып садақа тарату, қол жайып дұға етудің бұл үрдісі әлі күнге жалғасып келеді.
Қордай ауданы, Кенен ауылының тұрғындары жергілікті әкімдіктің қолдауымен ауылдың үлкен-кішісі түгелдей жиналып, Алладан тілек тілеп, арнайы құран бағыштап, тасаттық берді.
Бұл үрдіс сондай-ақ, адамдарды жақсылық жасауға үндеп, Алладан ел болып дұға жасап, ауызбіршілікте болуға үндейді.