Біз кз

Жол жөндеу жұмысына бақылау жүргізілді

Байзақ ауданына қарасты Көптерек ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауыл көшелеріне жасалып жатқан орта жөндеу жұмыстарына бақылау жұмыстары жүргізілді.  «AMANAT» партиясы Байзақ аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық маслихат депутаты А.Жамишжанов комиссия мүшелерімен және аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мамандарымен, Көптерек ауылдық округінің әкімдігі, сондай-ақ «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшылығымен бірге зерделеу жасады.

Ауылдың 13 көшесіне жобалық құны 350 миллион теңге 13,1 шақырымына орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл тұрғындарымен кездесіп, туындаған сұрақтарға жауап беріліп, жөндеу жұмыстарына байланысты ұсыныстарды қабылдап, сонымен қатар, Карбозов көшесіндегі жолдың кейбір бөліктеріне қайта түзету жұмыстарын жүргізу туралы ескертпелер айтылды. «Рауан» ЖШС басшылығы оны түзету өзінің жауапкершілігінде екенін жеткізді.

Ауыл әкімі С. Кусемисов жол жөндеу жұмыстарын күнделікті қадағалап отырғандығын, ауыл тұрғындарынан осы жол жұмысын қадағалайтын тәуелсіз топтар құрылғанын айтты.

Филиал тарапынан партиялық бақылау бекеті жетекшісі ретінде аудандық маслихат депутаты Г.Ермекованы бекітіп, бекеттің атқарар қызметі туралы түсіндіру жұмыстары жасалынды.

Бақылау нәтижесінде «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі техникалары мен мамандары жеткілікті, жұмыс кедергісіз жүргізіліп жатқаны белгілі болды және аталған жұмыс партияның бақылауында болмақ.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.