Біз кз

Дін өкілдері жазасын өтеушілермен кездесті

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде сотталған азаматтар арасында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұл күні облыстық дін істері басқармасының мамандары М.Сейтхази, Н.Стамбакиев кездесу өткізді. Басқосу барысында жазасын өтеушілер дін өкілдеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

– Жат ағымның жетегінде кеткен көптеген адамдар Отанына, отбасына және ата-бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы қояды. Осындай дінді теріс бағытта насихаттайтындардан сақ болған жөн, – дейді дінтанушы-теолог мамандар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.