Жамбыл облыстық прокуратурасының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың тиімділігі мәселелері қаралды.
Отырысқа қатысқан облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров мәселесі көп аудандарда қылмысты азайтуға бағытталған мекемеаралық топтардың атқарған жұмыс есебін тыңдап, баға берді.
Облыстық прокуратураның берген ресми ақпаратына сәйкес иесіз ғимараттармен жұмысты қоса алғанда, қабылданған шаралардың нәтижесінде аса ауыр қылмыстар саны 48 пайызға, ал денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 42,3 пайызға қысқарған екен.
Сонымен қатар, қоғамдық орындарда орын алған қылмыстар, көшедегі қылмыстар мен бұзақылық қылмыстары да азайған.
Сондай-ақ, прокурорлардың, жергілікті атқарушы органдардың және полицияның үйлестірілген әрекеттері әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаудың артуына себеп болып отыр. Соның арқасында алкогольді заңсыз сатуды анықтау 123 пайызға, ұсақ бұзақылықты анықтау 60,7 пайызға өскен.
Тыңдалымда облыс прокуроры белсенді жұмысты жалғастыруды және қылмысқа қарсы күреске қатысатын тұрғындарды көтермелеуді тапсырды.
Сондай-ақ, жиында есірткі қылмысының проблемалары талқыланып, онда «Есірткісіз болашақ» жобасының іске асырылуы салдарынан есірткі қылмысының 9,1 пайызға төмендеуі атап өтілді.
Жобаның негізгі міндеттерінің бірі – жабайы қарасора мен синтетикалық есірткінің таралуына қарсы күрес болып табылады.
«Бірлескен күш-жігер синтетикалық есірткінің тәркіленуін 456 пайызға (2,5 кг-нан 13,8 кг-ға дейін) арттыруға ықпал еткен.
«Ақшаны ұстан» қағидаты бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, бүгінгі таңда жалпы сомасы 41 млн теңгеге 537 есірткі шоты анықталып, бұғатталды» дейді прокуратура өкілдері.
Шекарада қаржылық тергеу мен бақылау қажеттілігіне, сондай-ақ есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі полиция бөлімшелерінің кадрлық құрамының жеткіліксіздігіне назар аударылды.
Сондай-ақ, ҚАЖД басшылығынан облыс прокурорынан сотталғандар арасында есірткі айналымының жолын кесу үшін түзеу мекемелерінде қауіпсіздікті арттыру талап етілді.
Кеңес қорытындысы бойынша тиімді әдіс ретінде неғұрлым проблемалы аудандардағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған мақсатты мекемеаралық топтардың шаралары мақұлданды.