Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың, бақылаусыз жүрудің және түнгі мезгілде заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында облыс аумағында жүйелі түрде рейдтік-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Аталған іс-шаралар ағымдағы жылдың басынан бастап тұрақты түрде өткізілуде. Нәтижесінде:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабы (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол беру) бойынша 177 дерек тіркеліп, жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол берген мекеме иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша 5648 жасөспірім полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Олардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті шаралар қабылданды.
Полиция қызметкерлері тарапынан мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Жамбыл облысы Полиция департаменті ата-аналардан балаларының қауіпсіздігіне бейжай қарамауды, олардың жүріс-тұрысына ұдайы бақылау жасауды сұрайды.
Жамбыл облыстық ПД Баспасөз қызметі