Біз кз

Заң мен Тәртіп: «Тараз – қауіпсіз қала» жобасының нәтижесі қандай?

Тараз қаласында облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен «Тараз – қауіпсіз қала» жобасының нәтижелері мен қылмыстылықтың жай-күйі тыңдалды.

2020 жылы прокуратураның бастамасымен басталған жоба қылмысқа қарсы күресте өзінің тиімділігін көрсетті және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды құралға айналды.

Облыс орталығындағы криминогендік жағдай айтарлықтай жақсарған.

Осы 6 жыл ішінде тіркелген қылмыстар саны 40,8%-ға төмендеді (3576-дан 1534-ке дейін).

Бұл жұмысқа құқық тәртібін өлшеудің 7 индикаторларын анықтаған мәслихат депутаттары, өзекті мәселелерді шешуге көмектескен қоғамдық ұйымдар тартылды.

Олардың 4-еуі орындалды (қылмыстың кейбір түрлерінің төмендеу динамикасы байқалады), қалғандары іске асырылу сатысында.

Жобаның ерекшелігі – уәкілетті орган басшыларының қатысуымен қаланың шағын аудандарына бірлескен сапарлар ұйымдастырылды.

36 аула мен көше жарықтандырылды, 800 бейнебақылау камерасы орнатылды, қаңырап бос қалған үйлер мен қауіпті учаскелер қоршалды.

Наркобизнеспен күрес бағытында іске қосылған «NarcoShekteuTaraz» платформасы аясында 3000-нан астам есірткі сайттары бұғатталды, 500-ден астам граффити өшірілді.

Туыстарының келісімінсіз нашақорларды мәжбүрлі түрде емдеу тәжірибесі енгізіліп, 156 адам есепке қойылып, Алкоголизммен күрес аясында 50 адам мәжбүрлі емдеуге жіберілді, микроаудандардан 22 жасөспірім профилактикалық есепке алынды.

Қала аумағына жаңадан қосылған елді мекендерде полиция пунктерін қосымша қарастыру мәселесін облыс прокуроры тапсырды.

Талқылау нәтижесінде қатысушылар, депутаттар мен қоғам өкілдері кешенді шаралардың тиімділігін ескере отырып, жобаны индикаторларын жаңарту арқылы жалғастыру туралы мәлімдеді.

                                              

Жамбыл облысының прокуратурасы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.