Біз кз

Жеке құрам қызметкерлеріне зор міндет жүктелді

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде кезекті рет аппараттық жиын өтті. Басқосу барысында мекеме бастығы, әділет подполковнигі Бақтияр Онбаев жеке құрам қызметкерлерінің алдына нақты міндеттер қойды. Ол өз сөзінде ҚАЖ қызметкерлерінен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, мекемедегі құқықтық тәртіпті нығайту мен жазасын өтеуші азаматтармен қарым-қатынаста сақтық шараларын қатаң сақтау талап етілетінін атап өтті.

Сондай-ақ басқосуда арнайы контингент өкілдері арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жетілдіру және сотты болғандарды жұмыспен қамтамасыз ету бағытында кешенді жоспарларды өз деңгейінде орындалу жайы кеңінен сөз болды. Жиын соңында аталған түзеу мекемесіндегі жедел жағдайдың тұрақтылығына айрықша көңіл бөлу – айрықша назарда екені атап өтілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.