Ескі кезеңнен бері қолданып келе жатқан надандық әдеттің бірі – денеге ине батырып, тесілген жерге бояу төгу арқылы жасалатын татуировка. Бұл әрекет денсаулық орасан зор зиянын тигізіп, адам өміріне қауіп төндіреді. Өзгелердің назарын аудартып, өзінше әдемірек көріну үшін жасалатын нақ осындай әдепсіз қадамға асыл дініміз Исламда да рұқсат жоқ.
Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі аралас №67 мекемесінің жеке құрам қызметкетлері жазасын өтеушілерге бұл тақырып аясында түсіндірме жумыстарын жүргізді. Шара барысында денеге тату салу барысында санитарлық талаптарға сай емес инені пайдалану арқылы көптеген жұқпалы ауруларға душар болатыны жөнінде кеңінен айтылды. Сондай-ақ бұл күні шаруашылық жасақ назарына тақырып аясында бейнеролик ұсынылып, онда әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау жайында нақты деректер келтірілді.