Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде Ұлттық спорт күніне орай сотталған азаматтардың қатысуымен спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған шара барысында қатысушылар қазақтың ұлттық ойындары – тоғызқұмалақ және ләңгі тебу бойынша өзара бақ сынасты. Ойындар достық әрі белсенді атмосферада өтіп, қатысушылардың ептілігі мен ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандарды салауатты өмір салтына баулу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Мұндай шаралар сотталғандардың рухани және физикалық дамуына оң әсерін тигізіп, тәртіпті сақтауға септігін тигізеді.