Жамбыл облысы ҚАЖД №58 мекемесінде сотталған азаматтарға «Алтын тақ» көркем фильмі көрсетілді. Кино көрсетілімнің мақсаты – сотталғандарды тәрбиелік бағытта қолдау, олардың бойында отансүйгіштік, адамгершілік және патриоттық құндылықтарды қалыптастыру.
Шара барысында қатысушылар фильм мазмұны арқылы ел тарихына, ұлттық құндылықтарға және рухани тәрбиеге қатысты маңызды ой түйді. Мұндай мәдени-тәрбиелік іс-шаралар сотталғандардың рухани дамуына оң әсер етіп, қоғамға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Мекеме әкімшілігінің айтуынша, алдағы уақытта да тәрбиелік және мәдени бағыттағы іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.