Біз кз

Өңірлік ҚАЖД №58 мекемеде «Жазғы спартакиада ойындары» өз мәресіне жетті

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемесінде сотталғандар арасында ұйымдастырылған жазғы спартакиада ойындары қорытындыланды.

Спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – сотталған азаматтар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру белсенділігін арттыру, спорт арқылы тәртіп пен командалық рухты қалыптастыру.

Спартакиада аясында қатысушылар спорттың бірнеше түрінен бақ сынап, өздерінің ептілігі мен шеберліктерін көрсетті. Жарыс барысында үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, марапатталды.

Мекеме әкімшілігі спорттық шаралардың тәрбиелік мәні жоғары екенін атап өтіп, алдағы уақытта да сотталғандар арасында спорттық және мәдени іс-шараларды жалғастыру жоспарланып отырғанын жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.