«Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Берік Уәли республикалық референдумды қолдау штабы мүшесі ретінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттерімен кездесті. Кездесу барысында ол журналистерді қолдауға бағытталған ұйым құрып жатқанын жеткізді.
«Журналистерді қолдау жөнінде ұйым құрып жатырмын. Бұл туралы осыған дейін айтқан жоқ едім. Бүгінде оның құжаттары әділет органдарында қаралып жатыр. Ұйым, әлде қор елдегі журналистердің құқықтарын қорғау, оларға әлеуметтік қолдау көрсетумен айналысатын болады» дейді ол.