Біз кз

Шудағы Қант зауыты аумағынан амбулатория ашылады

Бүгінгі таңда Шу қаласында қалалық емхана және қалалық аурухана жұмыс істейді.
Емхана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге 481,9 миллион теңге бөлініп,  мердігер анықталып, бүгінде мемлекеттік сатып алу порталында тұр.
Ал емханаға қарасты қант зауыты аумағындағы босаған ғимараттан дәрігерлік амбулатория ашу жөнінде өткен айда Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовке ауданға жасаған жұмыс сапары барысында өтініш айтылған болатын.
Бүгінгі күнге ғимаратты «Азаматтарға арналған үкімет» МК теңгерімінен алу жұмыстары жүргізілуде екен. Амбулатория ашу жұмыстарының нәтижесінде қала тұрғындарынан 16 000 аса адам (қала тұрғындарының 41,8 пайызы) медициналық көмекпен қамтылатын болады.
Қалалық аурухананы күрделі жөндеуден өткізуге құны 5 миллион теңгені құраған ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптамада қаралып, 2023 жылдың жоспарына енгізілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.