Біз кз

Білім күні: «Жас сақшы» сыныбының оқушыларымен кездесу өтті

1 қыркүйек – Білім күніне орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №67 мекемесінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының аға инспекторы, әділет лейтенанты Б.С. Дүйсен Тараз қаласындағы №3 лицейдің «Жас сақшы» сыныбына арнайы барып, оқушылармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жас сақшыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға оқу жылында жоғары жетістіктерге жетіп, білімдерін шыңдауға және алға қойған мақсаттарына табандылықпен ұмтылуға тілектестік білдірді.

Іс-шара барысында оқушылармен профилактикалық әңгімелесу өткізіліп, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті құрметтеу және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, жасөспірімдердің қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелерге, атап айтқанда, жол қауіпсіздігі, интернет кеңістігін қауіпсіз пайдалану, әлеуметтік желілердегі қауіп-қатерлерден сақтану, кибербуллинг пен буллингтің алдын алу тақырыптарына ерекше назар аударылды.

Жас сақшыларға өзара сыйластықты сақтау, қатарластарына құрметпен қарау, құқық бұзушылыққа бей-жай қарамау және қандай да бір келеңсіз жағдай орын алған кезде дер кезінде үлкендерден көмек сұраудың маңыздылығы айтылды.

Сондай-ақ оқушыларды бос уақыттарын тиімді пайдалануға, спортпен және шығармашылықпен айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға және өз болашақтарына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Кездесу соңында жас сақшыларға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, алған білімдерін тек оқу барысында ғана емес, күнделікті өмірде де дұрыс қолдана білуге үндеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.