
Бүгінде өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде идеологиялық жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Бұл өз кезегінде мұндағы сотты болған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне өз ықпалын тигізері анық.
Жуырда дәл осы мекемедегі жазасын өтеушілер ресейлік режиссёр Антон Мегердичевтің «Движение вверх» фильмін тамашалады. Спорт-драма жанрында түсірілген туындының ұзақтығы – 2 сағат 14 минутты құрайды. Туындыда аңызға айналған « үш секундта» бірнеше ұлттардан құралған КСРО-ның баскетбол құрамасы жеңілместей көрінген АҚШ-тың командасынан айласын асырғаны сәтті бейнеленген. Сөйтіп, 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасында кеңестік спортшылар тарихи жеңіске қол жеткізеді. Осылайша, баскетболшылар адамзат баласының қолынан іс жоқ екені тағы бір дәлелдейді.
– Мұндай мотивациялық туындыны тамашалаған арнайы контингент өкілдері әркез жеңіске жетуге ұмтылары сөзсіз. Тіпті соңғы сәтте де үмітін үзбей алға ұмтылады. Бастысы, өмірде де кездескен қиындыққа берілмеуге тырысады. Жалпы, мекемеде ұйымдастырылатын мәдени-спорттық іс-шаралардың да негізгі мақсаты осы, – сотталған азаматтың бірі.