Біз кз

Балалар жазы көңілді

Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» ЖК-ның мекемесіне қарасты «Жұлдыз» балалар сауықтыру лагерінің 3-маусымы жабылды. Мұнда соңғы 2 жыл бойы каронавирус індетіне байланысты қабылдау тоқтап қалды. Биыл ашылуына біраз жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

«Биыл біз балалардың жақсы демалуына үлкен күш салдық. Жалпы демалушыларға арнап бес мезгіл дайындалатын ас мәзірі бар, ойын-сауықтар бар, балалардың өмірге деген талпыныстары мен қызығушылықтарын ояту мақсатында түрлі үйірмелер ашылған. Ең бастысы, бассейнімізді талапқа сай жаңғырттық», – деді лагерь директоры Қарлығаш Қанапина.

Ағымдағы жылы лагерь 3 маусым бойы үзіліссіз жұмыс істеді. Әр мауысымда шамамен 200 ден үстем бала демалды. Айта кетейік, лагерьдің 14 күнге созылатын 1-маусымына 235 бала қабылданған, соның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тегін жолдама берілген. Ал, 2-маусымда 280 бала қабылданса, оның барлығы толық отбасынан шыққандар. 3-маусымға 235 бала келді.

Айта кетейік, жалпы «Казфосфат» ЖК биыл балаларға арналған барлық іс-шараларға 130 млн. теңге қаржы бөлген. Өңірдің қазынасына түсетін салықтың қомақты бөлігін қамтамасыз етіп отырған компания жыл бойы әлеуметтік шараларға да атсалысуды назардан тыс қалдырмайды. Ұжымның демеушілігімен аймақта қыруар шаруа атқарылған.
Сондай ақ алдағы жылға да қойған жоспарлары бар. Мәселен, сәуір айынан бастап лагерьді одан әрі дамыту мақсатында спорт кешендерін салмақ. Сонымен қатар балалар ойын алаңы бой көтереді.

«Казфосфат» ЖК лагеріне өз қызметкерлерінің балаларынан бөлек, басқа да қалалардан балаларды ақылы түрде өтініш тастай алады. Аз қамтылған балаларға тегін жолдама беріліп, киім- кешектермен қамтамасыз етіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.