Біз кз

Алдияр – «Ақберен» байқауының жүлдегері

«Ақберен» – дарынды оқушылардың басын қосып, үздіктерді анықтайтын байқау. Өнерімен ерекшеленген таланттар бақ сынаған байқауға Ақкөл орта мектебінің оқушысы Алдияр Жүзбай да қатысқан болатын.
Маңғыстау жерінде өткен Х республикалық «Ақберен» байқауында «Көркем сөз» номиинациясы бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Өз өзін ұтсау мәдиениеті мен сөз саптау, ойды жеткізу мәнеріне назар аударған қазылар алқысы, жерлесіміздің қарым-қабілетін жоғары бағалап, 2-орынға лайық деп тапты.
Еліміздің әр өңірінен келген кіл жүріктер арасынан оза шығу оңай емес. Ол үшін білім мен таланттан бөліп, тынымсыз, тауда талап ізденіс керек.
-Тәуелсіз қазақ елінің болашағы-білімді жас. Заман талабына сай жан-жақты біліммен қаруланған шәкірттерді тәрбиелеу бізге міндет. Алдияр-үздік оқу үлгерімімен, қабілетімен өзгеге үлгі бола білген шәкірт. Қоғамдық жұмыстарда да белсенді. Расымен оған үлкен үміт арттық. Сенімімізді ақтады. Алдиярдың алар асуы әлі алда,-дейді жерлесіміздің жетекшісі Ғалымжан Исмаилов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.