Біз кз

Қала инфрақұрылымы қашанда назарда

Бүгінгі таңда Қаратау қаласында 130 көше бар. Олардың жалпы ұзындығы – 94,8 шақырымды құрайды. Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында жасалған даму кешенді жоспары барысында, қаладағы тозығы жеткен 51 көшенің орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде ағымдағы жылы жоспарға сай, қала ішіндегі тозығы жеткен барлығы 9,5 шақырымды құрайтын 13 көшеге (К.Назарбеков, А.Шымырұлы, Ж.Жабаев, Қойгелді батыр, Әйтеке би, А.Сухамбаев, Ш.Уалиханов, Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, К.Азербаев, И.Сеченов, К.Шырынбеков және Көшек батыр бұр.)орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Одан бөлек, осы көшелерден артылған үнемделген қаражат есебінен 3 көшеге Қ.Жатқанбаев, А.Чехов және Қ.Рысқұлбеков бұрылысына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ, 3 көшеге (Арбатас, Иван Панфилов және Тамды Әулие) қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, бүгінгі күнге қала аумағында 17,7 шақырымды құрайтын 31 көше асфальттауды қажет етіп отыр екен.

Аталған жоспарға сәйкес, 2027 жылы қала ішіндегі тас жолдардың жағдайы 100 % қамтиды деп күтілуде.

Қаратау қаласы ішіндегі бірқатар жолдардың тозығы жетіп қыстағы қарлардың еріген сулары мен көктемгі жаңбырдың әсерінен тұрғындардың жүріп тұруына қолайсыздық тудырмау мақсатында, келеңсіздіктерді қалыпқа келтіру үшін орташа жөндеуге енбеген көшелерге шағал төселіп, 15 көшеге жалпы ауданы 1 327 ш.м. қамтитын ойық жолдарды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілген.

Айта кетерлігі, 130 көшенің ішінде 28 көше саяжай жерінде орналасқан шағын көшелер болып табылады. Аталған көшелердің жолдарын, саяжайды толықтай ауыз су құбырлары жүргізілген соң 2027 жылы орташа жөндеуден өткізу жоспарланған екен.

Қалада орналасқан мектептер мен бөбекжай бақшалардың аумағындағы балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі жарық беретін арнайы балалар жол белгісі мен жол бұдырлары орнатылған.

Ал Амангелді Иманов пен Петр Качесов көшелеріне тротуар орнатылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Жоспарға сай, қаладағы Ағаділ Сухамбаев, Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин және К.Әзірбаев көшелеріне түнгі жарық шамдар орнатылса, Әбдуан Момбеков, Фабричный және Қонысбай Назарбеков көшелеріне түнгі жарық шамдары орнатылған.

Сонымен қатар, екінші жартыжылдықта Әліби Жангелдин, Шохан Уалиханов, Қарымбай Қошмамбетов, Арыстан баб баба және Төлеген Тоқтаров, Есейхан, Сеченов көшелеріне көше жарығын орнату жұмыстары толығымен аяқталыпты.

Жалпы, бүгінгі күнге қала аумағында 27 көшені жарықтандыруды қажет. Одан өзге де қала орталығынан шеткері орналасқан көшелерді жарықтандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілмекші.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.