«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облысы бойынша филиалы 9 маусымнан бастап Тараз қаласының Көші-қон қызметі орталығы (КҚО) азаматтарды жаңа мекенжай бойынша қабылдайтынын хабарлайды: Талас шағын ауданы, 2.
Бұған дейін орталық Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 300 мекенжайында орналасқан болатын.
Көшуге байланысты 5 маусым күні Көші-қон қызметі орталығы қысқартылған жұмыс режимінде — сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Естеріңізге сала кетейік, Тараз қаласында Көші-қон қызметі орталығынан бөлек, 6 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 2 мамандандырылған ХҚКО бар, олар әдеттегі жұмыс тәртібінде қызмет көрсетуді жалғастырады.