Жамбыл облысының Полиция департаментінің 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстарының қорытындылары шығарылып, арнайы жиын болған еді. Жиында тұрмыстық зорлық-зомбылық пен әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бағытында қылмыс саны 30 пайызға төмендегені айтылды.
Жиында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында айтқан тапсырмаларын ескере отырып, ішкі істер министрі Ержан Саденовтың нұсқаулары жеке құрамға жеткізілді.
Департамент бастығы Бақытжан Малыбаев өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында тұрақты оң динамика байқалатынын айтты. Соңғы 5 жылда қылмыстық құқық бұзушылықтар екі еседен аса қысқарған.
– Президент нақты тапсырма берді: басты бағдар – «Заң және Тәртіп» қағидаты. Бұл жай ұран емес, нақты әрекетке шақыру. Құқықтық нигилизм ошақтарын жоя отырып, біз ашықтыққа, жауапкершілікке және алдын алуға баса назар аударамыз, – деді департамент бастығы Бақытжан Малыбаев.
Жыл басынан бері облыста 30-дан астам жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Қоғамдық орындардағы, бұрын сотталғандар, мас күйінде, кәмелетке толмағандар мен топпен жасалатын қылмыстар саны азайған.
Есірткі қылмыстарына қарсы күрес, әсіресе жастар арасындағы бағытта жұмыстар жалғасуда.
Цифрлық технологиялар арқылы құқық бұзушылықтың алдын алуға назар күшейтілген. Бейнебақылау жүйесі арқылы Тараз қаласында 32 қылмыс, облыс бойынша 89 қылмыс ашылды.
Жыл басынан бері 54 кәсіби алаяқ ұсталды, оның 24-і басқа облыстардың тұрғындары. Қылмыстық схемаларда қолданылған 130 дроппер анықталды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды заңға бағынуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қауіпсіздікті бірге қамтамасыз етуге шақырады