Біз кз

2 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

2025 жылдың 6 айында Жамбыл облысында 249 есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12 дерекке жоғары. Оның ішінде 115 қылмыс, 134 – қылмыстық теріс қылық.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымнан 1 тонна 882 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді. Бұл – өткен жылдың көрсеткішінен жоғары.

Облыс аумағынан басқа өңірлерге есірткі заттарын тасымалдайтын 11 арнаның жолы кесілді. 150 келіден астам кептірілген марихуана, 130 келі гашиш тәркіленді, 12 адам ұсталды.

Жыл басынан бері синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымымен айналысқан 14 адам ұсталып, олардан 10 келіден астам синтетикалық есірткі, 2 тоннаға жуық прекурсорлар тәркіленді. Сонымен қатар 1 есірткі зертханасы анықталды.

Синтетикалық есірткінің таралуына жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстар күшейтілді:
• «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы 1983 сайт бұғатталды,
• «Антифрод» жүйесіне 1500 банк шоты бұғаттауға жолданып, 50 млн теңгеден астам қаржы шығыны тоқтатылды,
• 225-тен астам граффити-жазба анықталып, боялды.

Қарастырып отырған кезеңде оқу орындарында және жастар көп жиналатын орындарда 506 профилактикалық іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараларға 45 мың 500 оқушы қамтылды.

2025 жылғы 1 маусым мен 30 қазан аралығында Жамбыл облысы аумағында «Қарасора-2025» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Операцияның алғашқы 1 айында Полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп жүргізген рейдтер нәтижесінде 1200 тоннадан астам жабайы өскен қарасора жойылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.