Біз кз

Жамбыл облысында полицейлер төленбеген айыппұлы бар жүргізушілерді анықтауда

«Заң және тәртіп» қағидасы аясында 23-25 шілде күндері Жамбыл облысында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты – әкімшілік айыппұлдарын төлемеген жүргізушілерге бақылауды күшейту болып табылады.

Жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтау үшін полиция қызметкерлері «Автоураган», «Сергек» және «Қорғау» мобильді кешендерін пайдалануда. Бұл жүйелер борышкерлерге тіркелген көліктерді нақты уақытта анықтауға мүмкіндік береді.

Мысалы, Тараз қаласында айыппұл сомасы 200 мың теңгеге жуық Mercedes-Benz көлігі тоқтатылып, толық қарызы өтелгенге дейін арнайы тұраққа қойылды.

Рейдтің алғашқы күнінде өндірілген айыппұл сомасы 20 миллион теңгеден асты. Сот орындаушыларының қаулылары бойынша 124 борышкердің көлігі айыптұраққа жеткізілді.

Жамбыл облысы Полиция департаменті жүргізушілерді көлікті айып тұраққа қою секілді шараларға дейін айыппұлдарды уақытылы төлеуге, жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.