Алғаш рет Тараздағы Кардиохирургия және трансплантология орталығында екі жастағы баланың жүрегіне кардиостимулятор орнатылды.
Жамбыл облысында 2 жастағы баланың өмірге қауіп төндіретін жағдай орын алды. Сәбидің жүрегі минутына небәрі 42 рет соққан. Ауыр халдегі бала шұғыл ауруханаға жеткізілген. Оның үстіне сәбиде гидроцефалия, тырысқақ синдромы және мидың даму ақаулары да болған. Соған қарамастан, дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің арқасында бала аман қалды.
Кардиохирургия және трансплантология орталығының дәрігерлері балаға III дәрежелі AV-блокада диагнозын қойып, шұғыл түрде екі камералы кардиостимулятор орнатуға шешім қабылдаған. Күрделі операция сәтті өткен. Отадан кейін баланың жүрек соғысы 110-ға дейін қалыпқа келген. Күрелі әрі бірегей ота МӘМС шеңберінде тегін жасалған.
Тиісті ем-домын алған бала анасымен үйіне шығарылған. Қазір жағдайы жақсы, қазіргі уақытта жергілікті аурухананың тікелей бақылауында.