Біз кз

Тіркелмеген қару тасымалдаған жүргізуші ұсталды

Жаңатас қаласында патрульдеу кезінде полицейлер жүргізушісінің күмәнді әрекеттері назар аудартқан Audi маркалы автокөлікті тоқтатпақ болады. Тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбаған жүргізуші бой тасалауға әрекет жасаған.

Полицейлер бірден көлікті қуып, тоқтатуға шаралар қабылдады. Қуғын барысында көлік тоқтатылып, жүргізуші ұсталды.

Қашу кезінде құқық бұзушы күдік тудырған заттан құтылуға тырысқан. Алайда полиция қызметкерлері бұл әрекетті дер кезінде байқап, 16 калибрлі қосауыз мылтықтың кесілген ұңғылы нұсқасын тапты.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді. Ер адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Жамбыл облыстық Полиция департаменті қаруды заңсыз сақтау мен тасымалдау – қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Жамбыл облыстық ПД Баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.