Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп жастардың есірткіге қарсы санасын бағалауға бағытталған әлеуметтік эксперимент жүргізді.
Шара Қ. Рысқұлбеков атындағы саябақта өтті. Эксперимент барысында полиция қызметкері заңға қайшы әрекетті, жастарды есірткі сайттарын заңсыз жарнамалауға тарту әрекеті туралы қойылым жасады. Акцияның мақсаты — жастардың мұндай ұсыныстарға деген хабардарлық деңгейін және қарсы тұра білуін анықтау.
Тәжірибелік шаралар кезінде қатысушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 299-1-бабында («Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау») қарастырылған құқыққа қайшы әрекеттердің салдары түсіндіріліп, ағартушылық жұмыстары қатар жүргізілді.
Шара қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар жастар арасындағы жоғары деңгейдегі ақпараттану пен қырағылықты атап өтті. Қатысушылардың басым бөлігі ұсыныстан бірден бас тартып, жауапкершілік пен жағдайдың маңыздылығын түсіндірді.
Барлық қатысушыларға «Есірткісіз болашақ» деген жазуы бар футболкалар мен кепкалар табысталды. Бұл — салауатты өмір салтын қолдау мен есірткіге қарсы құндылықтарға берілгендіктің белгісі болып табылады.
Осындай бастамалар жас ұрпақты қылмыстық әрекеттерге тартудың алдын алуға және оларда есірткіге қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыруға бағытталған.
Жамбыл облыстық ПД Баспасөз қызметі