Біз кз

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 Сарысу ауданында Мемлекет басшысының биылғы жылы жариялаған Жолдауын және «Заң және тәртіп» қағидасын түсіндіру, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында тұрғындармен кездесу өткіздім.
Кездесуге облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Еркін Сақыбаев, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Еркін Қуанышев, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Кадралиев, сондай-ақ, Сарысу аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер мен алқа билер кеңесі, құқық қорғау орган өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.
Жиында Президенттің Жолдауы, «Заң мен Тәртіп» қағидасы талқыланып, құқықтық сауаттылықты арттырудың алғышарттары түсіндірілді.
Бүгінде облыста құқықбұзушылық пен қылмыс азайған, оның ішінде қоғамдық орындардағы қылмыстар 23%, көшедегі қылмыстар 22% төмендеген. Бірақ алаяқтық деректері азаймай отыр. Жыл басынан бері 887 жағдай тіркелсе, оның басым көпшілігі интернет арқылы жасалып отыр. Соңғы айларда жүргізілген жедел-профилактикалық шаралардың нәтижесінде 263 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, олар әкімшілік қамауға алынып, уақытша оқшауланған.
Өңірде суицид мәселесі де өршіп тұр. Биыл өңірде 158 дерек тіркелген. Мұның басты себептерінің бірі отбасындағы түсініспеушілік, маскүнемдік пен құмар ойынға әуестіктен орын алып отыр.
Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары жан-жақты түсіндірілді, тұрғындардың ұсыныс — пікірлері назарға алынды.

Серік Сәлемов,

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.