Біз кз

ЖАЛДАМАЛЫҚ – ЗАҢ БОЙЫНША ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАДЫ!

Құрметті азаматтар!
ҚР Қылмыстық кодексінің 170-1-бабы («Жалдамалылық») бойынша да қатаң тыйымдар қарастырылған.

📌 Не білу керек?

  • ҚР ҚК-нің 170-1-бабы жалдамалылықты қылмыс деп таниды;
  • Шетелдегі қақтығыстарға жалдамалы ретінде қатысқан азаматтар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін;
  • Жастарды жалдамалылыққа үгіттеу немесе тарту – аса ауыр қылмыс!

Тыйым салынған әрекеттер:

  • Бөтен елдің әскери қақтығысына жалдамалы ретінде бару;
  • Әлеуметтік желілерде жалдамалылықты насихаттау;
  • Қарулы топтарға заңсыз қосылу.

Әр азаматтың міндеті:

  • Заңды құрметтеу;
  • Жастарды бейбіт өмірге, еңбек пен білімге ынталандыру;
  • Күдікті ақпарат пен жалған үгітті құқық қорғау органдарына хабарлау.

🇰🇿 Қазақстан – бейбіт ел!
Бірлігімізді сақтап, тыныш өмірімізді қорғау – әрқайсымыздың парызымыз.

Жалдамалылыққа – жол жоқ!

#ҚРҚК170бап #ҚРҚК172бап #ҚРҚК1701бап #БейбітЕл #ЗаңБәріненЖоғары

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.