Біз кз

«Браконьер» республикалық шарасы мәресіне жетті

Ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап 19 қарашасы аралығында Жамбыл облысында табиғатты қорғауға бағытталған «Браконьер» республикалық іс-шарасы өткен болатын. Бүгін табиғатты, оның байлығын қорғауға бағытталған шара мәресіне жетті.

Шара барысында Шу ауданында 41 браконьер қолға түссе, облыс бойынша рейд барысында 233 құқық бұзушылық анықталған.

Рейд нәтижесінде өңір бойынша 233 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 1 қылмыстық іс тіркелді.
Оның ішінде Шу ауданы алдыңғы қатарда – мұнда 41 дерек анықталған. Бұл аудандар арасындағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

Бұзушылықтардың басым бөлігі – аң аулау қағидаларын бұзу (171 дерек) және қару айналымы ережелерін бұзу (44 дерек).
Сонымен қатар, 18 дерек заңсыз балық аулауға қатысты болған.

Мойынқұм ауданында тіркелген  заңсыз аңшылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталса, шараның орта тұсында табиғатты қорғау бағытында полиция қызметкерлерімен 17 құқық бұзушылық анықталған.

Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарды табиғатты аялауға, аң және балық аулау кезінде заң талаптарын қатаң сақтауға шақырып, үндеу жасады. Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін еске салған департамент алдағы уақытта да осындай бақылау шаралары тұрақты түрде жүргізілетінін хабарлады.

biz01.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.