Біз кз

Биыл Таразда 47 көпқабатты тұрғын үй салынады

Тараз қаласын дамыту картасында 2023 жылы бюджет есебінен 47 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған (31 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы, Сүлейменов көшесінің соңы, 16 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы Асқаров көшесінің соңы).
Бүгінгі таңда Сүлейменов көшесінің соңындағы 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, қалған 28 үйді аяқтауға және Асқаров көшесінің соңындағы 16 көпқабатты тұрғын үйлердің бастамасына 9,7 млрд. теңге қаржы қарастырылды.

Сондай-ақ,  Таразда жеке қаражат есібінен 10 көпқабатты үйдің құрылысы жүруде

Облыс орталығында мердігерлердің жеке қаражат есебінен 2023-2024 жылдары 11 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жоспарланса, бүгінгі күні «Самал» шағын ауданында 50 пәтерден тұратын 5 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал, қалған 10 үйдің құрылыстары жүргізілуде.
– Қаллаур Әкім көшесі, №2А көпқабатты тұрғын үй (9 қабатты, 54 пәтер);
– Қапал көшесі 4-ші бұрылысы, №2 көпқабатты тұрғын үй, (9 қабатты, 54 пәтер);
– Сатпаев көшесі, №11А көпқабатты тұрғын үй, (5 қабатты, 80 пәтер);
– Рысбек батыр көшесінің бұрылысы, №9-9А көпқабатты тұрғын үй (5 қабатты, 20 пәтер);
– Пушкин көшесі, №157 көпқабатты тұрғын үй, (5 қабатты, 165 пәтер);
– «Бәйтерек» м/а, №6Б көпқабатты тұрғын үй, (5 қабатты, 15 пәтер);
– Тәуке хан көшесі, №18 көпқабатты тұрғын үй, (2 этаж, 2 блок, 10 пәтер);
– Асқаров көшесі, №45 көпқабатты тұрғын үй;
– Төле би даңғылы, №89В көпқабатты тұрғын үй, (9 қабатты, 6 секция);
– Сатпаев көшесі (Жамбыл даңғылының бұрышы) көпқабатты тұрғын үй, (9 қабатты, 3 блок).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.