Біз кз

ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШТЫ ӨТЕУ — АСЫЛ МІНДЕТ

Әскерге бару — көкірегінде патриоттық сезімі бар әрбір жастың асыл парызы болып табылады. Бүгінде үкімет тарапынан әскерге барған жігерлі жастарға көптеген қолдаулар жасап келеді. Осы орайда, Сарысу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркеновтің төрағалығымен әскерге шақыру комиссияларының қызметін талдау және бағалау жөніндегі жиын өтті.
Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ерлан Байболат, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов, құқық қорғау органдарының өкілдері, мекеме, бөлім басшылары мен қала және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Әскерге шақыру жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстар туралы» аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Жаңатас қаласында атқарылған жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстар туралы» Жаңатас қаласы әкімінің міндетін атқарушы Мұхамедқали Бегеевтің есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ерлан Бейсенұлы жиынды қорытындылап, аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

 

Сарысу ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.