Біздің мемлекетте бизнесті дамыту үшін жағдайларды жасауда. Электрмен жабдықтау жүйесін де реформаларға қатысты. Бүгін ол жөнінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті басшы орынбасары Жұманқұл Төкен Көшербекұлы айтады.
Электр энергетикаға қатысты заңнамалық актілерінде, өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мысалға, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген, электр энергиясын пайдалану Қағидаларына сәйкес, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылуға техникалық шарттарын беру мерзімі қысқартылған.
- Төкен Көшербекұлы, тағы не өзгергенін айтыңызшы?
- Құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат алу қажеттілігі жоқ. Енді жобалаушыға мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына жұмыс басталуы туралы хабарландыруды электрондық нысанда жолдау жеткілікті. Сонымен қатар, энергетикалық қадағалау мен бақылау органынан электр жүйесіне қосылу үшін рұқсат алу қажеттілігін алып тастаған. Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтау үшін апталық шарт жасасу мерзімі үш күнге дейін қысқартылды. Қазақстан аумағында энергия өндіретін, энергия беруші ұйымдары мен тұтынушыларының электр энергиясын пайдалану реті жоғарыда көрсетілген қағидаларымен анықталатынын белгілейміз.
Энергетикалық сараптаудан өткізу қажет па?
- Желіге қосу алдында энергетикалық сараптауды өткізу қажетті емес.
- Электр желісіне қосылу үшін техникалық шарттар қандай жағдайларда беріледі?
Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым электр желісіне рұқсат алу үшін көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді. Қағиданың 12-тармағына сәйкес, энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым қосылу үшін техникалық шарттарды мынадай жағдайларда: энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосқанда; тұтынылатын электр қуаты бұрын берілген техникалық шарттарда белгіленген қуаттан артқанда; электрмен сырттай жабдықтау схемасы өзгергенде; тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты өзгергенде, тұтынушының жазбаша келісімі болған кезде бұрын берілген техникалық шарттарда көрсетілген қуаттан тұтынылатын электр қуаты азайғанда беріледі.
- Техникалық шарт қандай мерзімде беріледі?
Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысанда өтініш алғаннан кейін жаңадан енгізілетін немесе реконструкцияланатын Электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар:
– техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін-5 (бес) жұмыс күні ішінде;
– техникалық күрделі объектілер үшін — 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.
- Салынып жатқан объектілерге техникалық шарт қажет пе?
- Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезінде уақытша техникалық шарттар беріледі.
- Техникалық шарт беруден бас тарту қарастырылған ба?
- Энергия беруші ұйымның электр желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылуға техникалық мүмкіндігі жоқ кезде, техникалық шарттардың берілуі мүмкін емес.
- Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі 301-1 – бабында электр және жылу желілеріне қосылу үшін техникалық шарттардың берілуі және (немесе) құжаттарды қабылдаудан бас тартқаны, беру мерзімі мен талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.
- Техникалық шарт алу және қайта рәсімдеу үшін ақы төлене ме?
Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды. Қағиданың 13-тармағында тұтынушы энергия беруші ұйымның электр желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылуға берілетін техникалық шарттар үшін ақы алынбайды.
- Жобалау құжаттамасына келісім алу мерзімі қандай?
- Қағиданың, 10-тармағының 6-тармақшасына сәйкес, реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділік ұсынылған кезде табиғи монополия субъектісіне: құрылыс жобасының табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкестігіне келісуді талап етуге тыйым салынады.
- Жеке тұлға үшін электр қондырғыларына жобалау құжаттамасы қажет пе?
- Тұтынушыға (жеке тұлға) өтініш кезінде энергия беруші ұйымына электр қондырғыларына кернеуін беру туралы жобалау құжаттамасы басқа жағдайда, (құрылыс, жобалау, инженерлік инфраструктурасындағы объектілер реконструкциясы сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметіне жататын жұмысын (қызметін) орындаған кезде,) Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» шартындағы талаптарға сәйкес қажет етпейді.
Сондықтан энергия беруші ұйымы жобалау құжаттамасы жоқ кезде, егер оның міндетті болуы Заңда ескертілмеген болса тұтынушыға (жеке тұлға) кернеу беруіне бас тарту заңсыз әрекет.
- Тұтынушыны энергия беруші ұйымы электр желілеріне қандай мерзімде қосады?
- Тұтынушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін энергия беруші (электр өндіруші) ұйым электр қондырғыларын үнемі пайдалану үшін өзінің электр желілеріне қосады.
Энергия беруші ұйым тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға қосу барысында төмендегі мерзімде кернеу жібереді:
- құрылыс-монтаж ұйымы (заңды тұлғалар үшін) немесе тұтынушы (жеке тұлғалар үшін) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға, техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы хабарламаны (еркін нысанда) және электрмен жабдықтаудың шартын акцептеу туралы өтінішті жібереді.
- энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым хабарламаны алған күннен бастап техникалық жағынан күрделі емес объектілер бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде, техникалық жағынан күрделі объектілер бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды қарап тексеруді және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін жүргізеді.
- Сыртқы қосылудың кемшіліктері және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым сыртқы қосылысты қараған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктер туралы акт береді.
- Анықталған кемшіліктер туралы актіде көрсетілген кемшіліктерді жойғаннан кейін құрылыс-монтаж ұйымы (мердігер) немесе тұтынушы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы қайта (еркін нысанда) хабарлама жібереді.
- Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым қайта өтініш алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды қарауды жүргізеді және тұтынушының электр қондырғыларын қосуды жүргізеді және қайта тексерілгеннен кейін ескертулер жойылмаған жағдайда, келесі тексеру 1 (бір) ай өткеннен кейін жүргізілетінін жазбаша түрде хабардар етеді.
- Сыртқы қосылуды қайта қарау кезінде сыртқы қосылуды бастапқы тексеру кезінде көрсетілмеген ескертулер беруге жол берілмейді.
- Қайта тексергеннен кейін кемшіліктер жойылмаған жағдайда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым сыртқы қосылуды қарап тексеруді жүргізбейді және техникалық шарттардың орындалуы және соңғы тексеру күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы хабарламаны (еркін нысанда) қабылдамайды.
Тұтынушыға электр энергиясын қосу және босату электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісі болған кезде ғана жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері және бизнес-орталығын дамыту сұрақтары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қарастырылуда. Бұл жобада ашық ұсыныс принципі бойынша электрмен жабдықтау келісім шарты жасалып, тұтынушыға электрмен жабдықтау келісім шартына қол қою қажеттілігін алып тасталынады, келісім шарт жасау құжаттары энергия беруші ұйымдарымен жолданып және электр энергиясын іс жүзінде пайдалану кезінен бастап күшіне енетін болып есептелінеді.