Қай кезде де өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – тілсіз жаудың алдын алып, материалдық және адам шығынын болдырмауға мүмкіндік береді. Сондықтан қашанда өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаған жөн. Бұл ретте бірлескен оқу-жаттығу жиындары – шұғыл әрекет ету мен дайындықты пысықтаудың төте жолы.
Жуырда Мейіржан Айманов атындағы Тараз қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекеме қызметкерлері бірлесіп, өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында өрт-тактикалық жаттығуын өткізді. Бұл күні қатысушылар бекітілген нұсқаулық бойынша әрекет етіп, дабылды сигналдардың ақаусыз жұмыс істеуіне айрықша мән берілді.