Облыс әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысын түсіндіруге арналған актив отырысы өтті.
Маңызды жиында өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Дүйсенәлі Бықыбаев, білім саласының ардагері Дамеш Ускумбаева және Жуалы ауданы, Қарасаз ауылдық округінің әкімі Жанар Нұрмұратқызы сөз алды.