Біз кз

Таразда «Зорлық-зомбылықсыз орта — бақытты бала» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті

Шара қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастар арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Заң және тәртіп» қағидасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз орта – бақытты бала» атты білім беру бағытындағы кездесу-сұхбат өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары  Медеу Мырзатай Жаналыұлы мен психолог Шолпан Алибаева қатысып, зорлық-зомбылықтың психологиялық әсері, өзін қорғау жолдары және қажет кезде көмек сұраудың маңызды арналарын түсіндірді.

Жас қатысушылар мамандармен еркін пікір алмасып, өз сұрақтарын жолдап, тәжірибелік кеңестер алды. Іс-шара соңында кітапхана қызметкерлері тақырыпқа қатысты әдебиеттер таныстырып, қоғамда зорлықсыз орта құрудың әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.