Кейде пациенттер дәрігер кабинетінен немесеқабылдаудан соң мәселенің байыбына жету үшінбірден Әлеуметтік медициналық сақтандыруқорына хабарласады. Олардың басым бөлігі емхананемесе ауруханада жұмыс істейтін Пациенттердіқолдау және ішкі сараптама қызметіне (ПҚІСҚ) сұрақтарын қойып, көмек ала алатындарынбілмейді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындамәлімдегендей, мұндай қызметтер меншік түрінеқарамастан медициналық ұйымдардың барлығындажұмыс істейді. (Қазақстан РеспубликасыДенсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығыменбекітілген медициналық қызметтердің (көмектің) сапасына ішкі және сыртқы сараптамалардыұйымдастыру және жүргізу қағидаларының 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады).
Бұл қызмет немен айналысады?
Пациенттерді қолдау және ішкі сараптамақызметі (ПҚІСҚ) медициналық көмектіұйымдастыру мен медициналық ұйымныңклиникалық қызметіне талдау жүргізіп, медициналық көмекті көрсету тәртібі менстандарттарының бұзылуын, медициналықжағдайлар немесе медициналық қызмет көрсетунәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығыназиян келтіру фактілерін анықтап, азаматтардыңөтініштерін қарайды. («Халық денсаулығы жәнеденсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚазақстанРеспубликасы Кодексінің 35-бабы, 3-тармағы, 2-бөлігіне сәйкес).
Пациенттерді қолдау және ішкі сараптамақызметі «осында және қазір» қағидаты бойыншажұмыс істейді. Ол даулы жағдайларды шешуге, пациенттердің құқығын қорғауға, қажетмедициналық көмекті алуына жәрдемдеседі. Сонымен қатар, МӘМС жүйесі туралы кеңес беріп, дәрігер тағайындауына қатысты сұрақтардытүсіндіреді.
«Қор пациенттерді қолдау және ішкі сараптамақызметінің жұмысына жан-жақты қолдау көрсетудіжалғастыруда. Себебі олардың қызметімедициналық көмектің сапасына азаматтардыңқанағаттану деңгейіне әсер етеді. Барлығы бірдейжоғары инстанцияларға ресми өтініш жолдап, жауап күткісі келмейді. Сондықтан осындайжағдайларда пациенттің уақытын жоғалтпай, мәселені тікелей медициналық ұйымның ішіндешешуге мүмкіндік беретін қызмет жұмыс істейді. Мамандар жағдайды мұқият зерттеп, ең тиімдішешімді табады», – деп атап өтті ӘМСҚ басқарматөрағасының орынбасары Индира Саркенова.
Егер сұрақ қосымша қарауды қажет етсе немесеқызмет оны шеше алмаса, азаматтар өңірлікденсаулық сақтау басқармасына немесе ӘМСҚ-ғатөмендегі цифрлық сервистер арқылы жүгінеалады:
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;
• Telegram-бот @SaqtandyryBot;
• Қордың ресми сайты: https://msqory.kz/.
Пациенттерді қолдау қызметіне қандайжағдайларда жүгінуге болады?
— Шұғыл көмек алу немесе учаскелікдәрігерге қаралу үшін сақтандырылғанмәртебеңізді талап етсе;
— Учаскелік дәрігер болмағандықтан, қабылдауға кіру мүмкін болмаса (мысалы, жұмыстан шығып кеткен, ауырып қалған немесеқабылдауды тоқтатқан);
— Учаскелік дәрігер/мейірбике/фельдшер үйге шақыртуға бармаса, ал сіз осы емханағатіркелген болсаңыз;
— Емханада бейінді маман болмаса немесеоның кеңесіне бір ай бойы жазыла алмайсыз десе;
— Медициналық көрсеткіштер бойыншатиесілі диагностикалық немесе зертханалыққызметтерге жолдама ала алмасаңыз;
— Талдау нәтижелерін көрсетпесе;
— Қабылдау кезінде дәрігер дөрекіліктанытса немесе өзін лайықты ұстамаса;
— Көрсетілген медициналық көмектіңсапасына қанағаттанбасаңыз;
— Қойылған диагноз немесетағайындалған емге күмәндансаңыз;
— Дәрігер тағайындауы түсініксіз немесетағы сұрағыңыз болса;
— МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді жәнежарналарды қалай төлеу керектігін білмесеңіз;
— Медициналық жазбаларыңызда қатеақпаратты немесе жалған жазбалардыанықтасаңыз;
— Жалпы медициналық ұйымның немесеқызметкерлердің жұмысына қанағаттанбасаңызжәне басқа да жағдайларда жүгінуге болады.
Көптеген жағдайлар жазбаша шағым түсірудіқажет етпейді, олар қызмет мамандарыныңәрекетімен сол жерде шешіледі.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыазаматтарды өз құқығын қорғауға белсенді болуғашақырады. Себебі уақытылы жүгінген кездеәділдікті қалпына келтіріп қана қоймай, жалпыденсаулық сақтау жүйесін жақсартуға да ықпалетеді.
«Әлеуметтікмедициналықсақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбылоблысы бойыншафилиалы